Федерация мен университет бадминтонды дамыту және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау бойынша бірлесіп жұмыс істейді.
Қазақстан бадминтон федерациясы мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бадминтонды дамыту және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған серіктестік елімізде бадминтонның танымалдылығын арттыруға, студенттерді спортқа тартуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Меморандум аясында университет студенттеріне арналған бадминтоннан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар спорттың негізгі әдіс-тәсілдерімен танысып, бадминтон ойынының қыр-сырын меңгерді. Сонымен қатар студенттер алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнату – бадминтонды кеңінен насихаттаудың, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырудың және бұқаралық спортты дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Қазақстан бадминтон федерациясы алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен бірлескен бастамаларды жүзеге асырып, бадминтонның еліміздегі қолжетімділігін арттыруға және спорт мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Біздің ортақ мақсатымыз – бадминтонды әрбір қазақстандыққа жақын әрі қолжетімді спорт түріне айналдыру!